Егор Петухов мәскеулік “Динамо” ойыншысы атанды

Егор Петухов мәскеулік “Динамо” ойыншысы атанды
Хоккей

Шабуылшы Егор Петуховтың мансабын қай клубта жалғастыратыны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

5 жыл бойы “Барыс” намысын қорғаған Егор Петухов мансабын мәскеулік “Динамода” жалғастырады. Клуб пен хоккейші арасында жасалған біржақты келісімшарт екі жылға есептелген. 

Айта кетейік, Егор Петухов өткен маусымның 68 ойынында 24 (17+7) ұпай жинады және команданың екінші снайпері атанды, сондай-ақ ол мансабындағы ең нәтижелі маусымын өткізді.