Рио Фердинандтың есімі АПЛ Даңқ залына енді

Рио Фердинандтың есімі АПЛ Даңқ залына енді
Футбол

«Манчестер Юнайтед», «Вест Хэм» және «Лидстің» бұрынғы қорғаушысы Рио Фердинандтің есімі АПЛ Даңқ залына енгізілді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жанкүйерлер Фердинандтың есімін Даңқ залына енгізуді қолдап дауыс берді, сарапшылардың таңдауы да Рионың жағында болған. 2023 жылы АПЛ Даңқ залына алғаш болып Алекс Фергюсон мен Арсен Венгер енген.

44 жастағы Фердинанд 2002 жылдан 2014 жылға дейін «Манчестер Юнайтедте» өнер көрсетті. Клубтың құрамында ол 6 рет АПЛ-да топ жарып, төрт рет Суперкубокты еншіледі. Сонымен қатар ағылшын лигасының Кубогында екі рет жеңіске жетсе, Чемпиондар лигасы мен Клубтық әлем чемпионатында бір реттен топ жарды.

Ағылшын премьер-лигасының Даңқ залы 2021 жылы құрылған. Оның алғашқы мүшелері Алан Ширер, Тьерри Анри, Эрик Кантона, Рой Кин, Фрэнк Лэмпард, Деннис Бергкамп, Стивен Джеррард, Дэвид Бэкхэм болды.