Ресейлік спортшы UFC-де ерекше рекорд орнатты

Ресейлік спортшы UFC-де ерекше рекорд орнатты
Жекпе-жек

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 222 турнирі өтті. Аламанның басты кездесуінде ресейлік Сергей Павлович бірінші раундта американдық Кертис Блейдсті нокаутқа жіберді, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Чемпионаттың» ақпараты бойынша, Павлович UFC-де бірінші раундта нокаутпен қатарынан алтыншы рет жеңіп отыр. Бұл серия жағынан ол американдық ұйым тарихындағы алғашқы спортшы атанды.

Павловичтің ММА-дегі рекорды – 18-1, Блэйдстікі - 17-4.

UFC-дің ауыр салмақ рейтингінде Павлович үшінші орында тұрса, Блэйдс төртінші орынға жайғасқан.