UFC-ге +1 қазақ: Азат Мақсұм келісімшартқа қол қойды

Жекпе-жек
Аралас жекпе-жектен әлемнің ең үздік лигасы UFC-мен тағы бір қазақ спортшысы келісімге келді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін әрі жеңіліп көрмеген қазақ спортшысы Азат Мақсұм Лигамен келісімшартқа қол қойды. Ол осы күнге дейін өткізген 16 жекпе-жегінің 12-сінде уақытынан бұрын жеңіске жеткен.
27 жастағы спортшы өткен жылы UFC-мен келісімшартқа отыруы керек еді, алайда ол кезде оған қолынан алған жарақаты кедергі болды.