Роналдиньодің ұлы «Барселона» сапында алғашқы ойынын өткізді

Роналдиньодің ұлы «Барселона» сапында алғашқы ойынын өткізді

Роналдиньодің ұлы Жоау Мендеш жолдастық кездесуде «Барселонаның» жастар құрамасы сапында алаңға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл ойын Жерорта теңізі кубогы аясында Жирона қаласында өткен болатын. Жоау Мендеш бұған дейін ПСЖ, «Крузейро» және «Фламенго» клубтарының академияларында болған. Ал «Барсаның» жастар құрамасының сапына наурыз айында қосылды.

43 жастағы Роналдиньодің өзі 2003-2008 жылдар аралығында «Барселонаның» намысын қорғады. Осы клуб сапында жүріп «Алтын допқа» иелік етіп, екі рет ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды.

Сонымен қатар Испания чемпионаты мен Испания суперкубогында екі рет топ жарса, Чемпиондар лигасында да үздік шыққан.