Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі жарысты қорытындылады

Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі жарысты қорытындылады
Басқа

Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өткен Гран-При ФИДЕ жарысына қорытынды жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Бүгін әйелдер арасында Үндістандағы Гран-При жарысы аяқталды. Бұл менің өмірімдегі ең қиын турнирлердің бірі болды. Жарыс басталғанға дейін туындаған мәселелер салдарынан демалыссыз 8 партия ойнадым. Алғаш рет турнир кезінде ораза ұстадым. Оған қоса, жарыстың орта тұсында ауырып қалдым.

Десе де, нәтижеме көңілім толады. Екінші оран алдым, ерлер гроссмейстерінің екінші ұпай, Elо рейтингісінде +24 пункт. 

Жарыс әлі көп жұмыс істеуім керек екенін көрсетті. Келесі жарыс жақын арада Астанада өтеді. Отбасыма, жақындарыма, қолдау көрсетіп, жанкүйер болған барша жанға алғыс айтамын”, - деп жазды шахматшы Instagram парақшасында.