IJF рейтингі: Абиба Әбужақынова үздік бестікке енді
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam сериясы турнирінің қорытындысы бойынша дзюдошылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұл турнирде қола жүлдегер атанған қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 500 ұпай иеленіп, әлемдік рейтингте 15-орынға көтерілді. Ал Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысының қатарына енді. Ерлер құрамасында Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Данияр Шамшаев (73 келі) өз салмақ дәрежелерінде 15-орыннан көрінді.
Әлемдік рейтингтің топ-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар:
Ерлер:
-60 келі:
Мағжан Шамшадин – 15-орын (2773 ұпай); Елдос Сметов – 23-орын (1929); Бауыржан Нарбаев – 34-орын (1438); Нұрқанат Серікбаев – 36-орын (1322); Шерзод Давлатов – 49-орын (855).
-66 келі:
Ғұсман Қырғызбаев – 24-орын (2010); Әсет Қуанов – 42-орын (1114).
-73 келі:
Данияр Шамшаев – 15-орын (2746); Жансай Смағұлов – 21-орын (2060).
-81 келі:
Абылайхан Жұбаназар – 22-орын (2105).
-90 келі:
Дидар Хамза – 24-орын (1920).
-100 келі:
Шархан Нұрлыхан – 24-орын (2115).
+100 келі:
Әділ Оразбаев – 41-орын (1081); Ғалымжан Қырықбай – 49-орын (780).
Әйелдер:
-48 келі:
Абиба Әбужақынова – 5-орын (4183); Ғалия Тынбаева – 39-орын (1236).
-57 келі:
Севара Нышанбаева – 33-орын (1317).
-78 келі:
Аруна Жангелдина – 32-орын (1120).
+78 келі:
Камила Берліқаш – 19-орын (2544);
Назгүл Маратова – 39-орын (831).