Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері «Наполи» тізгінін қолына алды

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері «Наполи» тізгінін қолына алды

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының бұрынғы бапкері Рикардо Камара Собрал Италияның «Наполи» клубының тізгінін ұстады, деп хабарлайды BasSport.kz.


Бұл туралы Какаудың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Бүгіннен бастап «Наполи» футзал клубын басқаратынымды мақтанышпен жеткізгім келеді. Директорлар кеңесінің сенімін жоғары бағалаймын. Техникалық комитет пен ойыншылар да аянып қалмайды деп сенемін», – деп жазды Какау. 

Естеріңізге сала кетейік, бразилиялық маман «Қайрат» клубында 2013 пен 2018 жылдар аралығында бас бапкер қызметін атқарды. Алматы клубына екі рет УЕФА кубогын, төрт рет Еременко кубогын, әлем Суперкубогын иемденуге көмектесті. Қазақстан құрамасының екі рет Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығуына (EURO-2016-да құрамамыз қола медаль еншіледі) және әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтуіне үлес қосты.