Жібек Құламбаева Түркияда абсолютті чемпион атанды

Жібек Құламбаева Түркияда абсолютті чемпион атанды
Теннис

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 622-орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салып, отандасымыз 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бұрын, Жібек ресейлік Дарья Лодиковамен бірге жұптық сында да үздік шыққан еді. Осылайша, ол жарыстың абсолютті чемпионы болды.