Grand Slam-нің екінші күні қазақ балуандары үшін сәтсіз болды
Антальяда дзюдодан “Үлкен дулыға” кезеңінің екінші жарыс күні қазақ балуандары үшін аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бүгін Анталья татамиінде ел намысын 6 спортшы қорғады.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар мен Руслан Мұсаев бақ сынап, ширек финалға жолдама берер белдесуде жеңіліс тапты. Ұлттық құраманың ең үздік нәтижесін осы екі спортшы мен 73 келіде ел намысын қорғаған Дархан Қойбағар тіркеді. Ол да іріктеудің үшінші айналымында сүрінді. Дәл осы салмақта сынға түскен тағы бір спортшымыз Данияр Шамшаев бірінші кезеңде-ақ жарыспен қош айтысты.
Ал қыздар арасында 70 келіге дейінгі салмақта Анастасия Маякова мен Роза Нышантайқызы жарыс жолына шықты. Роза Нышантайқызы бірінші айналымда турнирден шығып қалса, Анастасия Маякова екінші кезеңнен әрі аса алмады.
Ертең жарыстың қорытынды, үшінші күні өтеді.