“Астананың” аңызға айналған екі ойыншысы командаға қайта қосылды

“Астананың” аңызға айналған екі ойыншысы командаға қайта қосылды
Баскетбол

“Астана” баскетбол клубының құрамы екі ойыншымен толықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ұлттық лиганың плей-офф кезеңінде командаға клубтың аңызға айналған қос ойыншысы - Антон Пономарев пен Рустам Ерғали көмектеседі.

Команда ВТБ Бірыңғай лигасындағы маусымын аяқтағанымен, Қазақстан ұлттық лигасында тағы бір мәрте чемпион атану үшін таласын жалғастырады.