Нью-Делиде басы дауға қалған Жансая Әбдімәлік мәлімдеме жасады
Басқа
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Нью-Делидегі ФИДЕ Гран-При жарысынан кетіп қалғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Өзінің Instagram парақшасында тіркелушілерінің сұрақтарына жауап берген Әбдімәліктен оқырмандарының бірі: “Турнирден кетіп қалғаныңыз үшін өкінбейсіз бе? Қазір көңіл-күйіңіз қалай?” деп сұрады. Өз кезегінде шаматшы ару бұған: “Жоқ, бәрін дұрыс істедім. Көңіл-күйім жақсы. Өмір бір орында тұрмайды” деп жауап берді.
Еске салайық, бұған дейін Жансая Әбідімәлік Нью-Делидегі Гран-При жарысынан кетіп қалған. Содан соң оны Бибісара Асаубаева сынға алған еді.