Қазақстандық хоккейші кәсіби мансабын аяқтады

Қазақстандық хоккейші кәсіби мансабын аяқтады
Хоккей

icehockey.kz

39 жастағы қазақстандық хоккейші Роман Старченко кәсіби спорттық мансабын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі елордалық «Барыс» сапында 17 маусым өткізіп, ҚХЛ-да бір клуб жейдесімен ең көп матч (819 ойын) өткізген рекордшы атанды. Лигадағы жалпы 871 кездесуінде ол 424 ұпай (215 шайба, 209 пас) еншіледі.

Сондай-ақ ол - ҚХЛ тарихындағы ең жылдам голдың (8-секунд) авторы. Мансабының соңғы маусымында «Номадпен» бірге Қазақстан чемпионы атанған шабуылшы ұлттық құрама сапында 18 әлем чемпионатына қатысқан.

Ардагер ойыншы жанкүйерлер мен отбасына қолдаулары үшін алғыс айтып, өмірінде жаңа кезең басталатынын жеткізді.