Эдуард Ким Канадада үш жүлде жеңіп алды

Эдуард Ким Канадада үш жүлде жеңіп алды
Басқа

Әртістік жүзуден Әлем кубогының алғашқы кезеңі Канаданың Маркем қаласында жалауын желбіретіп, ұлттық құрама үздігі Эдуард Ким үш жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Оның біреуі күміс, екеуі қола медаль. Спортшы жекелеген сынның еркін бағдарламасында 149 ұпай еншілеп, үшінші орын алды. Ал техникалық бағдарламасында 154 ұпаймен жастар арасындағы әлем чемпоны, испаниялық Деннис Гонсалес Бонеуге есе жіберіп, күміс медаль иеленді. Сонымен қатар, Эдуард Ким жұптық сында Наргиза Болатовамен бірге өнер көрсетіп, техникалық бағдарламада 177 ұпаймен еншілеген дуэт үздік үштікті түйіндеді.