Президент Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Теннис
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 жарысының чемпионы атанғаны Елена Рыбакинаны Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын!
Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті.
Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!", - деп жазды Президент.
Еске салайық, Елена Рыбакина финалда Арина Соболенконы жеңді және осы жеңісінің арқасында әлемнің жетінші ракеткасы атанды.