Елена Рыбакина финалдық матчтың ең маңызды сәтін айтты

Елена Рыбакина финалдық матчтың ең маңызды сәтін айтты
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA 1000 жарысында Арина Соболенкоға қарсы өткізген финалдық матчын қорытындылады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Екеуміздің де (бірінші сетте) мүмкіндігіміз болды, бірақ соңында бәрі менің пайдама шешілді. Сондықтан бірінші сет маңызы болды, ал әрі қарай жеңіл өтті деп деп ойлаймын.

Қосарланған қателікке толы, жүйкені жұқартқан тай-брейк болды. Сондықтын әр ұпайға назар салып, соңына дейін күресу маңызды болды”, - деді Елена Рыбакина деп жазады WTA баспасөз орталығы.

Еске салайық, Елена Рыбакина финалда белорусиялық Арина Соболенконы 7:6 (13:11), 6:4 есебімен жеңді.