Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді жарыстың чемпионы атанды

Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді жарыстың чемпионы атанды
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Беделді жарыстың финалында Аустарляи ашық чемпионатындағы қарсыласы белорусиялық Арина Соболенкомен (АО - 6:4, 3:6, 4:6) кездескен қазақстандық спортшы екі сет қорытындысында 7:6 (13:11), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші кәсіби мансабында тұңғыш "Мастерс" жарысының чемпионы атанып отыр. Бұған дейін спортшының бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі ширек финал болған еді. Сонымен қатар, бұл - Елена Рыбакинаның 2023 жылғы алғашқы титулы. Оған қоса, теннисші осы турнирде чемпиона атанған тұңғыш қазақстандық екенін айта кетейік.