Қазақстандық үш хоккейші еуропалық чемпионат жеңімпазы атанды

Қазақстандық үш хоккейші еуропалық чемпионат жеңімпазы атанды
Хоккей

Қазақстандық үш хоккейші өнер көрсететін “Каунас Сити” командасы Литва чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қақпашы Демид Еремеев, шабуылшы Нұрсұлтан Белгібаев пен қорғаушы Данияр Ғабдуллин өнер көрсететін команжа Электренай қаласының “Энергия” командасын финалдық кезең сериясында 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Финалдағы үш матчта да “Каунас Сити” қақпасы Демид Еремеев қорғаған. Ойындар 2:1, 6:0 және 3:1 есептерімен аяқталды. 

Шешуші серияда Нұрсұлтан Белгібаев бір гол және нәтижелі паспен көзге түсті. Ал қорғаушы Ғабдуллиннің еншісінде бір нәтижелі пас бар.