Павел Колмаков әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Павел Колмаков әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Қысқы спорт

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды bassport.kz.

Павел Колмаков фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды. Канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, аустралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлде бұйырды.

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық Антон Бондарев іріктеуден өте алмады. Сондай-ақ могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға өткенімен, жүлдеге іліккен жоқ.