”Қайрат” бапкері Какаға “Бенфикадан” ұсыныс түсті
Футбол
”Қайрат” футзал клубының бас бапкері Кака Лиссабонның “Бенфика” клубының бас бапкері атануы мүмкін,деп хабарлайды Bassport.kz.
Жергілікті “Record.pt” басылымының жазуынша, Португалия астанасының командасы бразилиялық маманға қызығушылық танытып отыр. Бірақ бапкердің өзі ол жаққа ауысуын растамай отыр.
Менімен “Бенфика” клубы байланысқа шықты. Мұндай клубтың қызығушылық танытуы кез келген маман үшін мәртебе. Алайда осындай мүмкіндікті мүлт жіберуім ықтимал. Өйткені қазір кете алмаймын. Мәселе ақшада емес, адамгершілікте. “Қайрат” қиын жағдайда. Бізде бар болғаны сегіз ойыншы. Мен кетсем тіптен қиынға соғуы мүмкін, - дейді Кака.
Ол осы ретте өзіңе жақсылық жасаған адамдарды қиын жағдайға қалдыра алмайтынын айтып отыр. Сондықтан дәл қазір “Бенфиканың” ұсынысын қабылдауға әзір емес екен.
Каканың “Қайратпен” келісімшарты 31 мамырда аяқталады.