Ұлттық құрама өз алаңында Бельгияны қабылдайды

Ұлттық құрама өз алаңында Бельгияны қабылдайды
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгияны қабылдайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы ойынын Талғат Байсуфинов шәкірттері Бельгияға қарсы өткізеді. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді. Матч сағат 19:00-де басталады. 

Қазіргі таңда Бельгия құрамасы J тобында 14 ұпаймен көш бастап тұр. Ал Қазақстан құрамасы жеті ойын өткізіп, 7 ұпай еншіледі. Қазір ұлттық құрамамыз төртінші орында келеді. Бельгиямен ойынның алдында Талғат Байсуфинов бастаған команда сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнап, қарсыласымен тең түскен - 1:1. Ал Бельгияға келер болсақ, олар Уэльспен кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті. 

Бүгінгі матчты "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.