Қазақстандық шахматшылар Үндістандағы Гран-приде сынға түседі
Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) әйелдер арасындағы Гран-Придің үшінші кезеңінің қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жарыс 24 наурыз бен 6 сәуір аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді. ОНда 12 шахматшы ару бақ сынайды, олардың арасында екуі қазақстандық спортшы - Жансая Әбдумәлік пен Бибісара Асаубаева.
Қатысушылардың толық тізімі:
Чжу Цзиньэр (2489, Қытай) — 175.
Катерина Лагно (2560, Ресей) — 160.
Жансая Абдумалик (2497, Қазақстан) — 145.
Хампи Конеру (2576, Үндістан) — 130.
Александра Горячкина (2576, Ресей) — 130.
Нана Дзагнидзе (2525, Грузия) — 110.
Элизабет Петц (2474, Германия) — 95.
Харика Дронавалли (2511, Үндістан) — 90.
Бибисара Асаубаева (2440, Қазақстан) — 30.
Полина Шувалова (2484, Ресей) — 10.
Сарасадат Хадемальшариех (2490, Иран) — ойнамаған.
Нино Бациашвили (2489, Грузия) — ойнамаған.
ФИДЕ Гран-при төртінші, қорытынды кезеңі Польшаның Быдгоще қаласында өтеді.