Отандық гимнастшылар Грекияда табысты өнер көрсетті

Отандық гимнастшылар Грекияда табысты өнер көрсетті
Басқа

Грекия астанасында өткен "Афродита кубогы" халықаралық турнирінде ел намысын қорғаған спортшы аруларымыз қоржынға бес күміс, екі қола медаль салды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Милана Парфилова жарыстың шығыршық финалында 31.950 ұпай, ал доппен орындаған жаттығуы үшін төрешілерден 31.150 ұпай алып, қос күміс жүлдеге қол жеткізді. Грекия астанасында өткен доданың жекелей сынында Эрика Жайлауова ұршық жаттығуында қоланы қоржынға басты. Ал Айым Мейіржанова «Афродита кубогының» күмісі мен қоласына қол жеткізсе, Ақмарал Ерекешева екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, командалық сында өнер көрсеткен аруларымыз да жүлдеден құр қалған жоқ. Финалда 3 доп және 2 таспен орындаған жаттығуы үшін Қазақстан құрамасы 25.800 ұпай алып, турнирдің күміс жүлдегері атанды. Команда сапында Айдана Шаяхметова, Аяулым Қадыр, Аружан Қасенова, Ақсұңқар Әбдірахман мен Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.