Денис Никиша әлем чемпионатында төртінші орын алды

Денис Никиша әлем чемпионатында төртінші орын алды
Қысқы спорт

Денис Никиша Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан шорт-тректен Әлем чемпионатында спринтерлер арасында 4-орын алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Спринтерлер арасындағы жарыста аталған қашықтықты отандасымыз 41.424 секундта жүгіріп өтіп, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

Бұл сында 23 жастағы италиялық Пьетро Сигель чемпион атанды. Канадалық Стивен Дюбуа күміс, нидерландтық Йенс Ван т’ Ваут қола медаль жеңіп алды. 

 Айта кетейік, шорт-тректен дүниежүзі чемпионаты ертең аяқталады. Қазақстандық шорт-трекшілер әлі әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмай келеді.