Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы «Барселона» клубына ауысты
Футбол
ашық дереккөз
16 жастағы Кәрім Мендіқанов ресми түрде Испанияның әйгілі «Барселона» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Орал футбол мектебінің түлегі каталониялық ұжыммен үш жылдық келісімшартқа отырып, аңызға айналған «Ла Масия» академиясына қабылданды.
16 жастағы футболшы 2022 жылы Испанияға қоныс аударып, «Серданьола» мен «Сан-Кугат» академияларында көзге түскен. Ла Лига скауттарының назарына іліккен Кәрім енді «Ла Масия» жүйесінде шеберлігін шыңдайды.
Айта кетейік, ол биыл сәуір айында Шымкентте өткен UEFA Даму кубогында Қазақстанның U-16 жасөспірімдер құрамасы сапында өнер көрсетті.