Денис Никиша әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Денис Никиша әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Қысқы спорт

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Никиша ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды  Bassport.kz.

Отандасымыз 500 метрге жүгірудің іріктеу кезеңін сәтті өткізді. Төртінші топта ол мәреге бірінші келді.

Жалпы, 10-12 наурызда өтетін әлем чемпионатында 11 қазақстандық спортшы бақ сынайды.

Денистен бөлек, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Антон Хван, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек бар.

Қазақстан құрамасын Нұрберген Жұмағазиев баптап жүр.