Отандық семсерлесуші ару Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Отандық семсерлесуші ару Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Басқа

Қазақстандық семсерлесуш ару Қайша Жәнібек Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Отандасымыз финалда жарыс иесі Лара Луиза Эрререден 10:15 есебімен жеңіліп қалған. Бұл жарыста тағы екі қазақстандық спортшы бақ сынап, Наргиз Сайдуллаева мен Әдема Серікбай біріншілікті жетінші және сегізінші орындармен аяқтады.