"Жанкүйерлердің өкпелеуі орынды": Қоңқабаев Жалоловқа қарсы шықпауын қалай түсіндірді

Бокс

Бокстан Қазақстан командасының капитаны, әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев "Странджа" турниріндегі жағдайға қатысты алғаш рет түсінік берді, деп жазады Bassport.kz.

Естеріңізде болса, Қоңқабаев өзбекстандық қарсыласы Бахадүр Жалоловпен жұдырықтасудан бас тартқан болатын. 

"Жанкүйерлердің өкпесі орынды. Олар осы жекпе-жекті күтті. Бірақ бас бапкеріміз бәрін айтты. Қолымдағы ескі жарақатты асқындырмау үшін кездесуге шықпадым. Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Ешкімге де ренжімеймін. Қазір әлем чемпионатына мақсатты түрде дайындалып жатырмын. Ташкенттегі додада ел намысын абыроймен қорғауды ғана ойлаймын. Ал WBO рейтингінен алып тастауға қатысты ештеңе айтпаймын. Рейтингтен қазір алып тастаса, кейін жекпе-жек өткізген соң қосады. Оған алаңдаудың қажеті жоқ", - деді Қоңқабаев.