Қазақстандық тергеуші джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды
Басқа
Таиланд астанасы Бангкокта джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында қазақстандық тергеуші Аян Әмзе чемпионы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Аян Әмзе - Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасы Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің тергеушісі.
"Финалға өтемін деп қана ойладым. Ал алтын үшін таласта өзіме жақсы таныс қарсыласыммен кездесу бұйырды. Өткен жылғы сары құрлық бәсекесінде де финалда бір-бірімізбен шеберлік байқасқанбыз. Биыл тағы да кездестік. Жеңіске жете алғаным үшән қуаншытымын", - деді Аян Әмзе "Polisia.kz" сайтына телефон арқылы берген сұхбатында.
Ол - Қазақстан ұлтты құрамасында жүлде жеңіп алған жалғыз әйел спортшы. Аян енді әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.
Жалпы, джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатында 10 алтын, 12 күміс және 17 қола жүлде жеңіп алып, командалық есепте екінші орын алды.