Отандық пара жеңіл атлет Гран-при кезеңінде үздік шықты
 
                Басқа
                                            Пара жеңіл атлетикадан Дубайда өткен әлемдік Гран-При сериясында қазақстандық спортшы алтын жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 классында найза лақтырудан 41,83 м қашықтықты көрсетіп, алтын медаль иеленді.
Екінші орынан Камерун спортшысы 40,93 м нәтижесімен көрінді, үшінші орын  32,71 м көрсеткішімен  Маврикий спортшысына бұйырды.
Бұдан бұрын, ядро итеруден қазақстандық Дастан Мукашбеков  Гран-придің күміс жүлдегері атанған болатын. 
