“Барселона” бапкері Месси қайта оралуына қатысты пікір айтты

“Барселона” бапкері Месси қайта оралуына қатысты пікір айтты
Футбол

Испаниялық “Барселонаның” бас бапкері Хави Мессидің клубқа қайта оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Месси? Бұл жер оның үйі екенін, оған әрдайым есігіміз ашық екенін айттым. Ол менің досым, үнемі хабарласып тұрамыз. Шешімді өзі қабылдайды, бәрі өзіне байланысты. Оның болашақта немен айналысқысы келетініне байланысты. “Барселонаның” оның үйі екендігіне күмән жоқ. Әлемнің үздік футболшысының команда құрамында болғаны жақсы”, - деді Хави деп жазады журналист Альберт Роге өзінің “Twitter” парақшасында.

Месси 19 жыл ғұмырын осы “Барселонада”

өткізді. Ал оның париждік клубпен жасасқан келісімшарты осы маусым соңында аяқталады.