«Медеу» мұз айдыны жабылады

«Медеу» мұз айдыны жабылады
Қысқы спорт

Алматыдағы 50 жылдық тарихы бар «Медеу» мұз айдыны уақытша жабылады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Өйткені 18-24 ақпан кундері конькимен жүгіруден ҚР кубогының финалдық кезеңіне дайындық жүргізіледі. Сондықтан уақытша Медеу мұз айдыны жабылып, жаппай сырғанау тоқтатылады. Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасы хабарламады. Ал жарыс жанкүйерлері үшін мұз айдынына кіру ашық болады.

21-24 ақпан аралығында өтетін жеке және командалық біріншіліктің финалына республикалық маңызы бар екі қала мен еліміздің 7 облысының спортшылары қатысады»,- деп хабарлады қалалық спорт басқармасы.