“Трабзонспордың” жанкүйерлері Түркиядағы құтқарушыларға перфоманс ұйымдастырды
Футбол
Түркиялық “Трабзонспор” клубының жанкүйерлері Конференция лигасы 1/16 финалы аясында швейцариялық “Базельге” қарсы болған ойында (1:0) жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету үшін әр елден келген құтқарушыларға перфоманс ұйымдастырып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Түркиялық жанкүйерлер суретте кішкентай нәрестені көтеріп тұрған құтқарушыны бейнелеген. Одан бөлек, одан құтқарушыларға көмектескен итті де көруге болады.
Сондай-ақ, жанкүйерлер құтқаруышының бас киіміне Түркияға қол ұшын созып жатқан елдердің туын бейнелеген. Бұл қатардан Қазақстан туын да көруге болады.