Дәулет Тұрлыханов көшедегі адамдарды соққы астына алған адамның ұлы екенін растады

Дәулет Тұрлыханов көшедегі адамдарды соққы астына алған адамның ұлы екенін растады
Күрес

Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыханов Алматы көшелерінде ұлының қатысуымен өткен төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Tengrinews.kz" сайтына сілтеме жасап.

"Ол кәмелет жасына толған. Иә, ол менің ұлым. Барлық істің жауапкершілігі өз мойнында. Соңғы шешімді құқық қорғау органдары шығарады", - деді Дәулет Тұрлыханов.

Бұған дейін Нұрасыл Тұрлыхановтың Алматыда екі заңгерді соққы астына алғанын хабарлаған болатынбыз.