Адамдарды соққыға жыққан танымал спортшының ұлының үстінен іс қозғалды
ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда өз сүйіктісі мен екі заңгерді соққы астына алған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Meta-ratings.kz" сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы полиция департаменті Нұрасыл Тұрлыхановтың үсітнен іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 293 "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп, сараптамалар жүргізілетін болды. Күдікті әскери қызметкер, сондықтан бұл іс қалалық прокуратураға жіберілді", - деп мәлімдеме жасады Алматы қаласы полиция департаменті.
Бұзақылығы үшін азамат екі мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі, 600 тәулікке дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дәулет Тұрлыханов - грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жүлдегері.