Олимпиада ойындары жүлдегерінің ұлы көшедегі адамдарды соққыға жыққан
Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Алматы көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарды соққыға жыққан. Ол екі заңгерді ауыр жарақаттаған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Meta-ratings.kz" сайтына сілтеме жасап.
Танымал спортшының ұлының қолынан заңгер Анна Димитриевич пен оның жолдасы Олег Чернов зардап шеккен. Олар өздерін соққыға жыққан адамның Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін танып қалған.
Аннаның сөзінше, Нұрасыл Тұрлыханов оның көзінше өзінің сүйіктісін де ұрған. Олег пен Анна осыны көріп, араға түсуге тырысқан. Алайда спортшының ұлы олардың өзін соққы астына алыпты. Нәтижесінде Олег Черновтың қабырғасы сынса, Анна Димитриевич жағынан соққа алған.
Еске салайық, Дәулет Тұрлыханов грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері.