"Каспий" жанкүйерлеріне айыппұл салынды
"Каспий" футзал клубының жанкүйерлеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "inAktau" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
11 ақпан күні матч өтетін спорт кешеніне бара жатқан жанкүйерлер көлік жүретін жолда шеру өткізіп, өзге транспорттардың қозғалысына кедергі келтірген. Олар бұл шеруде алау да қолданған.
"Ford Fiesta" және "Toyota Camry" автокөліктерінің жүргізушілеріне "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 593-бабының 2-тармағы "Жолаушылар тасымалы ережелерін сақтамау", 595-баптың 1-тармағы "Маневр жасау қағиадаларын бұзу" және 614-баптың 1-тармағы "Транспорттардың қозғалысына кедергі келтіру" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Сондай-ақ, қолындағы алауды жерге тастай салған ер адамға да әкімшілік хаттама толтырылған.