Ресейлік Олимпиада чемпионының екі білегін кесіп тастаған

Қысқы спорт
Мәнерлеп сырғанаудың мұздағы би жарысынан 2006 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанған Роман Костомаровтың екі білегін кесіп тастаған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Комсомольская правда" газетіне сілтеме жасап.
"Костомаровқа екінші ота жасалды. Оның екі білегін де кесіп тастады", - деп хабарлаған дереккөз басылымға.
Оған қоса,бұқаралық ақпарат құралы бұл ақпараттың әлі толық нақтыланбағанын ескертеді. Спортшының денсаулық жағдайынынң нашарлап, қан айналымы қызметі нашарлаған соң, бұған дейін дәрігерлер оның табанын кеске. Спортшының өзі қолының қан айналымын қалыпқа келтіру мүмкін болмаған жағдайда, саусақтарын кесуге рұқсат берген. Алайда дәрігерлер спортшының білегін сақтап қалуға тырысқанымен, ол мүмкін болмаған.