Түркияда 25 жас өрен волейболшы қаза болды
Басқа
Түркияның Адыяман қаласындағы жер сілкінісі салдарында қираған қонақүйде болған 12-14 жас аралығындағы 25 жасөспірім волейболшы қаза тапты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Sporx" басылымына сілтеме жасап.
Фамагуста колледжінің (Солтүстік Кипр) жасөспірім спортшылары ата-аналары мен бапкерлерімен бірге Адыяман қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін келген. Жарысқа келген делегацияда 39 адам болған. Апаттан тек 4 ата-ана мен оқу ордасы директорының орныбасары ғана аман қалыпты.
Осыдан алты күн, яғни 6 ақпан күні Түркияда 7,8 баллдық жер сілкінісі болған. Қазіргі таңда зілзаладан қаза тапқандар саны 20 мыңнан асып кетті, ал зардап шеккендердің қатары 80 мың адамнан артылып түседі.