АЧ: жеңіл атлетші аруларымыз да алтыннан алқа тақты

АЧ: жеңіл атлетші аруларымыз да алтыннан алқа тақты
Басқа

Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатында әйелдер арасындағы эстафета жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

4х400 метрлік эстафетада Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева мен Элина Михина ел намысын қорғап, 3:44.21 уақыт көрсеткішін тіркеді. Осылайша, олар ел қоржынына Азия біріншілігінің бесінші алтын жүлдесін салды.