Азия чемпионатының үш медалін де отандастарымыз еншіледі

Азия чемпионатының үш медалін де отандастарымыз еншіледі
Басқа

Жеңіл атлетикадан Астанада өтіп жатқан Х Азия чемпионатында биіктікке секіруден жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Осы сынның барлық жүлделері қазақстандық спортшылардың еншісінде қалды. 

Ең үздік нәтижені Надежда Дубовицкая (1.89 м) тіркеп, Азия чемпионы атанды. Күміс иеленген Кристина Овчинникова да 1.89 м биіктікті бағындырған, алайда ол әріптесіне мүмкіндік санынан ғана есе жіберді. Тағы бір отандасымыз Елизавета Матвеева (1.84 м) үздік үштікті түйіндеді.