Қазақстандық жеңіл атлетші ару Азия чемпионы атанды

Басқа
Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде ел қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Әйелдер арасында 400 метрге жүгіру бәсекесінде бақ сынаған қазақстандық Элина Михина Азия чемпионаы атанды. Ол аталған қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп, қарсыластарын шаң қаптырып кетті.
Екінші жарыс күнінен кейін ел қоржынында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар.