Михаил Литвин Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды
Басқа
Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында ел қоржынына төртінші жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ерлер арасында 400 метрге жүгіруден сынға түскен Михаил Литвин күміс мкдальға қол жеткізді. Спортшы мәре сызығын кесуге сәл қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып қойды. Қола медальді қытайлық спортшы еншіледі.
Бұл сында тағы бір қазақстандық жеңіл атлет Вячеслав Земс өнер көрсеткенін айта кетейік, алайда ол қолаға қол созым жерде тоқтады.
Қазір ел қоржынында 1 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.