Қазақтың боксшы арулары Мароккодағы турнирде 10 жүлде жеңіп алды
Бокс
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Марокконың Марракеш қаласында өткен “Алтын белбеу” турнирінде он жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) турнир жеңімпазы атанды. Ал Аида Әбікеева (63 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81+ келі) күміспен күптелді. Надежда Рябец (66 келі), Мадина Нұршаева (70 келі), мен Фариза Шолтай (81 келі) қолаға қанағат етті. Ұлттық құрама сапынан тек Жазира Орақбаева (52 келі) мен Владислава Кухта (60 келі) жарысты жүлдесіз аяқтады.