Жеңіл атлетіміз күміс жүлдеге қол жеткізді

Жеңіл атлетіміз күміс жүлдеге қол жеткізді
Басқа

Қазақстандық  жеңіл атлет Астанада өтіп жатқан Х Азия чемпионатының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ольга Сафронова 60 метр жүгіруде сынға түсіп, қашықтықты 7,32 секундта жүгіріп өтті. Осылайша, ол ирандық қарсыласы Фарзане Фасихиден 0,4 секундқа қалып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Азия біріншілігінің үздік үштігін индонезиялық Валентин Ванеза (7,37 сек) түйіндеді.