Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Басқа

Екі отандасымыз Астанада өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

400 метрге жүгіру сынының іріктеу кезеңінде ұлттық құрама мүшелері мәре сызығын бірінші болып кесті. 46,97 секунд уақыт көрсеткішін тіркеген Михаил Литвин мен аталған қашықтықты 47,32 секундта жүгірген Вячеслав Земс ақтық сынға жолдама алды.

Азия чемпионатының бұл сынындағы финал 11 ақпан күні өтеді.