Швеция 2030 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуі мүмкін

Швеция 2030 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуі мүмкін
Басқа

Швеция  2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндіктерін қарастырады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Швецияның Олимпиада комитетінде сарапшылардың жазға дейін елдің Олимпиада және Паралимпиада ойындарын қабылдай алу мүмкіндігін зерттейтіні туралы айтты. 

"Мәселені жан-жақты қарастыру арқылы елдегі жасалған жағдайларға қарай Швециядағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қалай өте алатынын көреміз. Бізде ірі қысқы жарытсарды қабылдауға мүмкіндік беретін барлық дерлік арена бар", - деді Швеция Олимпиада комитеті Төрағасының міндетін атқарушы Андерс Ларссон. 

Швеция астанасы Стокгольм 1912 жылы қысқы ақ ойындарды қабылдаған, 2026 жылғы Олимпиаданы өткізу үшін сайысқа түскен, алайда Италияға жол берді. 

2030 жылғы қысқы ойындарды өткізуге әзірге Жапонияның Саппоро қаласы мен АҚШ-тың Солт-Лейк Ситиі өінім берген.