Финляндия мен АҚШ-та ойнап келген шабуылшы “Сарыарқа” сапына қосылды

Финляндия мен АҚШ-та ойнап келген шабуылшы “Сарыарқа” сапына қосылды
Хоккей

“Алматы” хоккей клубының шабуылшысы Владислав Сайко қарағандылық “Сарыарқа” сапын толықтырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “Shaiba.kz” сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы шабуылшы 16 ақпан күні басталатын Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінде қарағандылық клубқа көмектеседі.

Биылғы маусымда форвард “Алматы” сапында 36 матчқа қатысып, 18 (6+12) ұпай еншілеген. 

2019-2020 жылдар маусымында шабуылшы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғады. Сондай-ақ, спортшы Финляндия мен АҚШ елдері командалары құрамында өнер көрсетіп, тәжірибе жинаған.