Қазақстанның үш клубы плей-оффқа жолдама алды

Қазақстанның үш клубы плей-оффқа жолдама алды
Хоккей

"Номад" - "Сарыарқа" / Сурет: Pro Hokei Ligasy

Хоккейден Қазақстан чемпионаты - Pro Hokei Ligasy-ның алғашқы кезеңі мәресіне жетіп, оның нәтижесінде үш команда плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Тұрақты чемпионаттың бірінші кезеңінің қорытындысында астаналық "Номад" турнирлік кестеде көш бастады. Елордалық ұжым 28 рет жеңіске жетіп, 58 ұпай олжалаған. Екінші орынға 57 ұпаймен қарағандылық "Сарыарқа" жайғасса, үздік үштікті қоржынында 56 ұпайы бар "Торпедо" түйіндеді. 

Осылайша, үш ұжым да плей-офф кезеңіне жолдама алды. Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі 6 қаңтарда, ал биылғы маусымның плей-офф кезеңі 23 ақпанда басталады.