ҚХЛ-да тәжірибесі бар шабуылшы “Сарыарқаға” ауысады
Хоккей
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының және “Торпедо” клубының шабуылшысы Александр Шин плей-офф кезеңінде “Сарыарқа” намысын қорғауы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “Shaiba.kz” сайтына сілтеме жасап.
Биылғы маусымда 37 жастағы шабуылшы Қазақстан чемпионатының 39 матчына қатысып, 21 (9+12) ұпай еншілеген. Ойыншының ҚХЛ-да да тәжірибесі бар, “Барыс” сапында 72 кездесу өткізген спортшының қоржынында 20 (6+14) ұпай бар.
Сондай-ақ, Александр Шин төрт әлем чемпионатында ел намысын қорғады.